A+ A A-

talgatzhan 35 10-10-2025, 12:35 0

ШҚО-да сегіз айдың ішінде 5 жасқа дейінгі 44 баланың өлімі тіркелді

Бүгін / ШҚО

Бұған дейін сәбилер негізінен туа біткен ақаулар салдарынан көз жұмса, бүгінде өлім-жітімнің көбеюіне жүктіліктің 22-аптасында, босану кезінде және нәресте өмірінің алғашқы апталарында туындайтын асқынулар себеп болып отыр,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 айда нәресте өлімінің 35 жағдайы, 2024 жылы 29 жағдайы тіркелді. Есепті кезеңде облыста 5 088 сәби дүниеге келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 578-ге (5 666) аз.
Нәресте өлімінің негізгі себептері: перинаталдық кезеңдегі асқынулар — 44%, туа біткен ақаулар — 19%, тыныс алу аурулары — 12,5%.
Бұдан бөлек, өңірде жаңа туған нәрестелер арасындағы (туғаннан бастап 28 күнге дейінгі кезең) неонаталдық өлімнің 17 фактісі тіркелген. Бес жасқа дейінгі 9 бала қайтыс болды (2024 жылы — 10 жағдай).
Айта кету керек, соңғы екі жыл ішінде аймақта ана өлімі тіркелмеген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив