3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде Ауыл шаруашылығы күні аясында маңызды семинар ұйымдастырылды. Оған агросаласының өкілдері, жас кәсіпкерлер және шаруашылық жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Семинар барысында ШҚО әкімінің кеңесшісі Самат Қыдырмолда, аудандық ведомстволық бақылау бөлімінің басшысы Бақытжан Қажыкенов құттықтау сөз сөйлеп, ауыл еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар аудандағы белсенді жас кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Мәселен, "Әмір" шаруа қожалығының жетекшісі Жанболат Болатұлы шаруашылығын дамытудағы жетістіктері мен алдағы жоспарларын баяндады.
Советхан Нурханов Тарбағатай ауданында жаңбырлатып суару жүйелерін орнату бағытындағы жұмыстар туралы толық ақпарат берді.
Ал Абай облысына қарасты Ақсуат ауданындағы “Мәуліт” шаруа қожалығының жетекшісі, “Ақбас” палатасының мүшесі Қайырлы Қасенов өз шаруашылығының табысты жұмысы жөнінде егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуынша, шаруашылық 600 млн теңгеге жуық қаржыға 5000 басқа арналған ет бағытындағы қора салған. Бүгінде бір бұқаның салмағы шамамен 1000 кг, ал таза ет шығымы 68%-ды құрайды.
Аталған семинар ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар мен технологияларды талқылауға мүмкіндік берді.
Пікірлер