Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор үлес қосып келе жатқан бірқатар қызметкер мен ардагер марапатталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оларға «Ветеринария саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі, Ауыл шаруашылығы басқармасының Алғыс хаты, Тарбағатай ауданының «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Ауданның экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімі Дархан Жөргекбаевтың Құрмет грамотасы берілді.
- Бұл марапаттар – ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегіне берілген лайықты бағасы. Олардың табанды еңбегі ауданымыздың өркендеуіне, ауыл шаруашылығының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді, - делінген аудан әкімдігінің мәліметінде.
Пікірлер