Аудандық Мәдениет үйінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көрмеде ауданның шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлері өздерінің табиғи әрі сапалы өнімдерін ұсынды. Сүт және ет, бал, балық өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс түрлері келушілер назарына ұсынылып, ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері паш етілді.
Аталған шараның мақсаты – жергілікті шаруалардың еңбегін көпшілікке таныстыру, ауданымыздың аграрлық әлеуетін көрсету және сапалы отандық өнімдерді насихаттау.
Көрме қонақтары ұсынылған өнімдердің сапасына жоғары баға беріп, ауыл еңбеккерлерінің еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
Пікірлер