A+ A A-

talgatzhan 21 4-10-2025, 12:00 0

Тарбағатай ауданында Ауыл шаруашылығы күні атап өтілді

Бүгін / Тарбағатай

Ауданда Ауыл шаруашылығы күніне орай «Жаңа технология – ауыл дамуының жаңа серпіні» атты ауқымды семинар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Семинар жұмысы Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қызылбұлақ учаскесінде басталды. Мұнда «Қызылбұлақ» АӨК басшысы Советхан Нұраханов, «Қайқы» АӨК басшысы Дәулетхан Нұраханов және «Alua Corporation» ЖШС жетекшісі Жандос Құрманғалиев шамамен 400 млн теңгеге жуық инвестиция құйып, ауыл шаруашылығына заманауи су үнемдеу технологияларын енгізіп отыр. Жобаның бір бөлігі көршілес Қытай Халық Республикасынан әкелініп, оған 60 млн теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Қатысушылар 600 гектарға жуық егістік алқаптарда тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерінің қолданылуымен танысты. Бұл тәсілдер арқылы су ресурстарын тиімді пайдалану, жердің құнарлылығын арттыру, өнім көлемін бірнеше есеге көбейту мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар мал азығын дайындаудың жаңа әрі тиімді әдістері көрсетіліп, практикалық таныстырылымдар өткізілді. Семинар барысында шаруалардың сұрақтарына мамандар тарапынан жан-жақты жауаптар берілді.

Іс-шараға қатысушылар ауыл шаруашылығы саласын цифрландыруға, инновациялық технологияларды кеңінен енгізуге үлкен қызығушылық танытты. Осындай жаңа бастамалар аудан көлемінде аграрлық саланың өркендеуіне серпін беріп, өзге шаруа қожалықтары үшін үлгі болатыны атап өтілді.

Семинардың жалғасы аудандық Мәдениет үйінде өтіп, ауыл шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелер мен болашақ жоспарлар талқыланды.

Қатысушылар семинарды жоғары бағалап, жаңа технологиялардың тиімділігіне көз жеткізіп, осындай жобалардың аудан бойынша кеңінен таралуына сенім білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив