Биылғы сайысқа тек ел өңірлерінен ғана емес, шетелден де қатысушылар келді. Қатысушылар құсбегіліктің үш түрі бойынша бақ сынасып жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ҚР Құсбегілік федерациясының вице-президенті Бағдат Мүптекеқызының айтуынша, биылғы жарыстың басты мақсаты — ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыру және халық назарын аудару.
– Бұл жолғы жарыстың ерекшелігі — бағдарлама мазмұны мен ұйымдастыру ауқымы. Халықаралық деңгейде өтіп жатқан соң мұнда дода да, бәсеке де жоғары, – деді ол.
Бағдат Мүптекеқызының сөзінше, былтырғы жарыспен салыстырғанда осы жылы дода ауқымы кеңейіп, қатысушылардың дайындығы жоғарылады.
– Сайысқа келген құсбегілердің тәжірибесі мол. Мұндай жарыстар арқылы жастардың қызығушылығы артып, ұлттық мұрамыз ұлықталады, – деді Бағдат Мүптекеқызы.
Екі күнге созылған жарыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте алда келеді. Ел ішіндегі рейтинг бойынша Жамбыл облысы көш бастап тұр, одан кейін Алматы облысы жақсы нәтиже көрсетуде.
Ұлжан СЕЙІТХАНОВА
Пікірлер