Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс орталығындағы Амфитеатр аумағында 100-ге жуық шырша мен терек отырғызылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Игі шараға аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов та қатысты.
— Бұл бағдарламаның мақсаты - қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес, халықты еңбекқорлыққа, экологиялық мәдениеттілікке баулу. Барша өңір жұртшылығын белсенді қатысып, өскелең ұрпақтың алдында еңбек пен тазалықтың мәртебесін көтеруге шақырамын, - деді облыс әкімі.
Жыл басынан бері«Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған іс-шараларға 46,3 мыңнан астам облыс тұрғыны қатысып, 231 техника тартылды. Осылайша, 3 509 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 2 208 аула абаттандырылды.
Ал биыл 115,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінде жоспардың 66%-ы орындалып, 75,6 мыңнан астам көшет егілді.
Пікірлер