Бүгін ауданда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында кең көлемді экологиялық акция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған шараға 200-ге жуық аудан тұрғыны қатысып, 700-ге жуық жас тал отырғызылды.
Акцияға аудандағы барлық мекеме өкілдері, жастар, еріктілер мен тұрғындар белсене атсалысты.
Шара барысында Тарбағатай ауданы әкімінің аппарат басшысы Ермек Құрманғалиев сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын табиғатты қорғауға және туған жерді таза ұстауға шақырды. Сондай-ақ шараға қатысқан ақсақалдар қауымы да акцияның маңызын атап өтіп, ел Президентінің бастамасын толық қолдайтындықтарын жеткізді.
Мұндай игі істер әр азаматтың экологиялық мәдениетін арттырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтады.
Пікірлер