A+ A A-

talgatzhan 31 11-10-2025, 12:30 0

«Шығыс Салбурыны – 2025»: ұлттық құндылықтар дәріптелді

Бүгін / ШҚО

Бүгін Ұлан ауданының Бозанбай ауылында «Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық фестивалі аясында 37 киіз үй тігілді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Әр аудан екі киіз үйден тігіп, қазақ халықтың салт-дәстүрлерін паш етті. Мерекелік шара барысында бесікке салу, бастаңғы, отқа май құю, шілдехана, сәбиге ат қою сияқты қазақтың ежелгі дәстүрлер көрсетілді.

Шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов әр киіз үйді аралап, қатысушылармен тілдесті. Өскемен қаласы мен Катонқарағай, Алтай, Күршім, Ұлан, Зайсан, Үлкен Нарын, Марқакөл, Глубокое, Самар, Шемонаиха, Тарбағатай аудандары өз үйлерінде қонақтарды жылы жүзбен қарсы алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив