«Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық фестивалі аясында ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өр Алтайдың төсінде өткен бұл өнер додасы халықтың ерекше ықыласына бөленді. Айтыс барысында ақындар ұлттық рухты, ел бірлігін жырға қосты. “Бозанбайдың бауырында әр күн осылай думанға толы болсын” деген шумақтар көрерменнің көңілінен шықты.
– Бүгінгі шара – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қандастарымыздың басын қосқан, ұлттық құндылықтарды дәріптеген ұлан-асыр той. Осы фестиваль аясында өткен айтысқа елімізге белгілі төрт ақын шақырылды. Бұл додада айтыскерлік өнерімізді тағы бір мәрте дәлелдедік, – деді Ақмола облысының айтыскері Ерлан Дәулетұлы.
Айта кетейік, «Шығыс Салбурыны – 2025» фестивалі ұлттық дәстүр мен өнерді ұлықтап, түрлі мәдени бағыттағы іс-шараларды қамтиды.
Пікірлер