«Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық фестиваліне танымал өнер иелері де қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Солардың бірі – «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов өңір табиғатына ерекше әсерленгенін айтты.
– Шығыстың табиғатын айтып жеткізу мүмкін емес. Шетелден келген қонақтың барлығы біздің табиғатқа тамсанып, өз пікірлерін білдіріп жатты. Сол сәтте қазақ халқының бай мәдениеті мен қонақжайлығына тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Әрине біз бұған марқайып қалдық, – деді ол.
Әртістің айтуынша, Шығыс Қазақстанның әрбір ауданы мен ауылында өзіндік ерекшелік бар.
– Мен облыстың көптеген ауданында болдым. Бірақ ерекше сүйсініп айтатыным – Катонқарағай өңірі. Табиғаты керемет. Осындай ұлттық құндылықтарды дәріптейтін іс-шаралар жиі өткізіліп тұруы тиіс. Қазақтың қаймағы бұзылмай, дәстүріміз ұлықталуы керек, – деді Кенжебек Жанәбілов.
Пікірлер