A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 17:00 0

Рекорд расталды: Алматы облысындағы мың түйеден құралған керуен Гиннес рекордтар кітабына енді

Бүгін / Республика

20 қыркүйекте Іле ауданына қарасты Құрты ауылында бір шақырым жүрген мың жалқы өркешті түйеден тұратын керуен ресми түрде әлемдегі ең үлкен керуен ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлемдік жетістік туралы сертификатты Гиннес рекордтар кітабының өкілі Ричард-Уильям Стэннинг табыстады. Ол Қазақстан рекордының бірегейлігін ерекше атап өтті:— Бұл - ерекше жағдай. Басқа елдерде мұндай шараларда жануарлар әртүрлі иелерден жиналады - бірінде төрт түйе, екіншісінде екі түйе болады. Ал мұнда бүкіл керуен бір ғана адамның иелігінде - бұл рекордты шын мәнінде ерекше етеді. Қазақстан маған үлкен әсер қалдырды, енді мұнда тек жұмыс бабымен емес, турист ретінде де қайтып келгім келеді, - деді ол.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев әлемдік рекордтың расталуы тек өңір үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиға екенін атап өтті:

— Рекордтың расталуы - бұл біздің мәдени мұрамыз бен ұлттық рухымыздың мойындалуы. Мың түйеден құралған керуен халықты біріктіріп, қазақ халқының дәстүріне деген құрметтің символына айналды, - деді ол.

Керуеннің бастамашысы әрі иесі, «Дәулет-Бекет» ЖШС директоры Сыдық Дәулетов жобаға дайындық шамамен жарты жылға созылғанын айтты:

— Түйелер еркіндікке үйренген, оларды бір жерге жинау оңай болған жоқ. Бірақ мақсат пен сенім болса, мүмкін емес нәрсе жоқ екенін дәлелдедік. Алдағы уақытта шұбат фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз - халқымызға салт-дәстүрімізді жаңғыртатын осындай шаралар қажет, - деді Сыдық Дәулетов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив