A+ A A-

talgatzhan 4 Бүгін, 09:00 0

Жел күшейеді: 13 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК 13 қазан күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронталды бөліктер әсерінен республика бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. Кейбір аймақта жаңбыр мен қар жауады. 
Республика бойынша жел күшейеді. Еліміздің батысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Ал шығыс, солтүстік-шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында 1 градус үсік жүреді. 
Астана қаласында күндіз ауа температурасы +3+5°С көрсетеді. Ал желдің жылдамдығы 9-14м/с.
Алматы қаласында термометр +20+22 градусты көрсетсе, Шымкент пен Қызылордада +21+23°С болады. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с.
Павлодарда -2 градус, Қостанайда +5+7°С жылы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив