Глубокое ауданына қарасты Верх-Березовка ауылындағы техникалық колледж ғимараты қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, акт залындағы еден өртенген. Мамандар 6 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтады. 12 адам, оның ішінде 11 бала өз бетінше эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталуда.
Пікірлер