Оқиға 11 қазанда Сәтбаев даңғылында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті.
Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Пікірлер