A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:10 0

Өскеменде «Заңсыз келуші-2025» жедел алдын алу шарасы басталды

Бүгін / Өскемен

13-17 қазан аралығында облыс орталығында «Заңсыз келуші-2025» жедел алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған бастама қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңсыз көші-қонның, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу фактілерінің алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

Тәртіп сақшылары мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, шетел азаматтарының тұруы және жұмыс істеуі мүмкін орындарда рейд жүргізеді.

Жедел алдын алу шарасының негізгі мақсаты – шетелдіктердің заңсыз келу және жұмыс істеу әрекеттерін анықтау және жолын кесу, заң талаптарын бұза отырып, баспанамен немесе жұмысқа орналастырғандарды жауапкершілікке тарту.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив