A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 12:30 0

Өскеменде ірі жол апаты болды

Бүгін / Өскемен

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, 12 қазанда Сәтбаев даңғылы мен Байбачин көшесінің қиылысында 3 көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі солға бұрылып бара жатып, Hyundai Sonata көлігіне жол бермей, соқтығысты. Соқтығыс салдарынан Hyundai Sonata көшедегі жарық бағанасына соғылып, кейін екінші бағытта келе жатқан Chevrolet Onix көлігімен соқтығысты, - делінген ШҚО полиция департаментінің мәліметінде. 

Тексеру барысында Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі мас болғаны анықталды. Тиісті хаттама толтырылып, материалдар сотқа жіберілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив