A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:00 0

Қазақстанда 24,6 млн тонна астық бастырылды

Бүгін / Республика

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, бүгінде 15,1 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 94,1%-ы жиналды. Нәтижесінде 24,6 млн тонна астық бастырылды.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,1 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,7 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 307,9 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 323,5 ц/га өнімділікпен 431 мың тонна қырыққабат, 440,7 ц/га өнімділікпен 1026,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,5 ц/га өнімділікпен 374,3 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив