Бұл туралы ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, қазір ұшу алаңы мен платформадағы жұмыстар толығымен аяқталды.
- Жол белгілері мен сызықтар дайындалуда. Терминалдың, диспачтерлік мұнараның, қосалқы құрылыстардың құрылысы жүріп жатыр. Тұрақтың, қоймалардың, шаруашылық құрылымдарының іргетасы дайындалуда. Су бұру, су құбыры, электр желілерін орнату жалғасуда, - делінген ақпаратта.
Құрылыс алаңында 300-ден астам маман мен 120 техника жұмыс істеп жатыр.
Пікірлер