A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:00 0

Қазақстанда 20 мың ЭКО процедурасы жүргізілді

Бүгін / Республика

Қазақстан астанасында алғаш рет медициналық туризм, фармацевтикалық индустрия және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтының тілшісі.

Қатысушыларды қарсы алған Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында медициналық туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалғанын атап өтті.

- Бұған дейін біз медициналық туризмнің әлеуеті туралы айтсақ, бүгінде бұл әлеует нақты нәтижеге айналды. Соңғы бес жылда туристер ағыны бес еседен астам өсті, соның ішінде медициналық туризм де айтарлықтай қарқын алды. Қазақстан әлемдік медициналық туризм картасында жаңа орталыққа айналуда, — деді министр.

Соңғы жылдары Қытайдан келушілер саны 24 есе, Үндістаннан – 40 есе, ал Түркиядан үш есе артқан. Қазақстан қолжетімді бағамен жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін ел ретінде өз беделін нығайтып келеді.

Бүгінде елде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің 80 түрі қолжетімді. Қазақстан заманауи емдеу технологияларын енгізу бойынша өңірлік көшбасшы болып саналады. 

Елде протондық және гамма-терапия, роботтандырылған операциялар, нейромодуляция және трансплантацияның инновациялық әдістері сәтті қолданылуда.

Кардиохирургиялық қызмет сапасы бойынша Қазақстан әлемнің үздік 30 елі қатарына кіреді. Ел клиникаларында бүгінге дейін 86 жүрек, 17 өкпе трансплантациясы, 460 жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау және үш толық жасанды жүрек орнату отасы жасалып, кейіннен трансплантация жүргізілді. 

Соңғы 10 жылда интервенциялық ем-шаралар саны үш есеге артты. Қазіргі таңда 42 коронарлық араласу орталығы мен 89 ангиографиялық қондырғы жұмыс істейді. 2012 жылдан бері ашық жүрекке жасалатын операциялар саны екі есеге көбейіп, қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім үш есеге азайды.

Қазақстанда буын эндопротездеуге арналған роботтандырылған жүйе енгізілді. Технология операцияны жеке жоспарлауға, жарақаттану деңгейін азайтуға және оңалту мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. 2024 жылы осындай 18 мыңға жуық операция жасалды.

Трансплантология саласы да белсенді дамып келеді: жыл сайын елімізде 250-260 бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы жасалады.

Қазіргі таңда тоғыз қазақстандық клиника халықаралық JCI аккредитациясынан өтті, ал ұлттық аккредитация жүйесі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.

Министр ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы айтарлықтай ілгерілеуді атап өтті. Соңғы 4 жыл ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында 20 мың ЭКО процедурасы жүргізілді. 

Қазақстан аймақта алғашқылардың бірі болып феталдық хирургияны енгізді. Жыл сайын жаңа туған нәрестелерге туа біткен ақауларды түзетуге арналған екі мыңға жуық операция жасалады.

Онкология саласында жасанды интеллект негізіндегі интеллектуалды диагностикалық жүйелер мен бейімделген терапия әдістері енгізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив