Тарбағатай ауданы әкімінің өкімімен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Нұржан Баженбаев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Нұржан Бахтиярұлы 1987 жылы 21 тамызда Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. 10 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.
Еңбек жолын Тарбағатай аудан әкімдігінде бастаған.
2010-2014 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратынының ұйымдастыру және кадрлық жұмыс бөлімінде, жалпы бөлімде жетекші маман, аудан әкімінің көмекшісі;
2014-2017 жылдары ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы;
2017-2020 жылдары ШҚО Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы құқықтық реттеу және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
2020 жылы ШҚО Дін істері басқармасы әкімшілік және қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы;
2020-2022 жылдары ШҚО Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы;
2022 жылы ШҚО Дін істері басқармасы әкімшілік және қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы;
2024 жылы ШҚО Қоғамдық даму басқармасы ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы;
2024 жылдан осы уақытқа дейін «ШҚО Тұрғын үй пайдалану басқармасы» ЖШС заңгері болып қызмет атқарды.
Пікірлер