A+ A A-

talgatzhan 5 Бүгін, 12:00 0

ШҚО-да жас қызметкерлер ант қабылдады

Бүгін / ШҚО

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жас мамандардың ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл күні қатарға қосылған 11 жас қызметкер өздері үшін маңызды сәтте адалдық антын қабылдап, кәсіби борышына жауапкершілікпен қарауға уәде берді. Салтанатты шараға департамент басшылығы, ардагерлер мен қызметкерлер қатысты.
Аталған департаменттегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Иван Худяков жас мамандарды айтулы оқиғамен құттықтап, ел мен өңір қауіпсіздігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.
Ант қабылдау – әр құтқарушының өміріндегі ерекше сәт. Бұл ерлік пен жауапкершілікке бастайтын қадам.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов жас қызметкерлерге сенім білдірді.
– Ант қабылдау күні олардың жадында мәңгі сақталады. Барлық қиындық пен сынақты абыроймен еңсеріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лайықты қызмет етеді деп сенемін, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив