A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 12:50 0

ШҚО-да төрт күнде 10 автокөлік рұқсат етілген шығарындылар мөлшерін асырғаны анықталды

Бүгін / ШҚО

6-10 қазан аралығында облыс экологтары мен полицейлері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бастамасы аясында "Таза ауа" акциясын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Рейд барысында мамандар 68 көлікті тексеріп, шығарындылардың белгіленген нормаларға сәйкестігін анықтады. Негізгі мақсат - ауаның ластану деңгейін төмендету және экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алу. 
- Дизельді көліктер мен автобустарға ерекше назар аударылды. Өйткені дәл осы көлік түрлері ауаға ең көп шығарындылар бөледі.Тексеру нәтижесінде 10 көліктің  рұқсат етілген шығарындылар мөлшерін асырғаны анықталды. Бұл фактілер бойынша хаттама толтырылып, әртіп сақшылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданады, -  делінген ШҚО Экология департаментінің ақпаратында.
Өз кезегінде көлік жүргізушілері облыстағы жанармай құю бекеттерінде сатылатын бензин мен дизель сапасын тексеру керектігін айтуда. Олардың пікірінше, жанармай  сапасы талапқа сай емес. Сол себепті көлік шығарындылары нормадан асуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив