A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 13:10 0

ШҚО Ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін / ШҚО

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын ұжымға таныстырды. Бұл қызметке Айдар Серікқазыұлы Садырбаев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айдар Садырбаев бұған дейін Абай облысының Қоғамдық даму басқармасын басқарған. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастап, кейін аудандық бөлім маманынан қала және облыс деңгейіндегі басшылық қызметтерге дейін жетті. Сондай-ақ Абай облысы бойынша «Аманат» партиясының төрағасы болған.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов басқарманың жаңа басшысының мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі өңірдің ішкі саясат саласындағы міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив