24 қыркүйекте Тарбағатай ауданы әкімінің төрағалымен аппарат мәжілісінің отырысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудандық ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар барысы туралы мәлім етті.
Белгілі болғандай, Ахметбұлақ, Асусай, Шолақорда, Ақмектеп, Жаңаталап, Шорға, Қазақстан, Жамбыл, Байтоғас ауылдарында жаңа медициналық пунктер салынды. Болашақта Қарасу және Қабанбай ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр.
Тұғыл ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтуде. Аудан бойынша ота жасауға арналған құрал-жабдықтар, заманға сай медициналық құрылғылар, компьютерлік томографиялық аппараттар сатып алынды.
Осы ретте аудан әкімі Дархан Шомпайұлы 4 жас маманның келген атап өтті.
Пікірлер