Бұл туралы аудан әкімі Дархан Жөргекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, Тарбағатай, Зайсан, Ақсуат аудандарының халқы үшін көптен күткен қуанышты сәт туды.
- Өңірдің ең өзекті мәселесі саналған “Омбы-Майқапшағай” республикалық маңызы бар тасжолының “Қалбатау-Майқапшағай” бөлігі толық асфальтталып, халық игілігіне берілді. Қытай мен Ресейді жалғап жатқан бұл күре жол шекаралық аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, көлік-логистика саласының өркендеуіне зор ықпал ететіні анық. Халықтың ризашылығынан асқан не бар? Өңір тұрғындарының қуанышы ерекше. Осы жолдың сапалы әрі уақтылы салынуына мүдделі болып, бірнеше рет келіп, бақылау жасаған "Аманат" партиясының өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары Ерлан Саиров пен Лұқбек Тұмашиновқа аудан тұрғындары атынан зор алғыс айтамын, - деді аудан басшысы.
Жол құрылысына «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ ШҚО филиалының директоры Нұрбек Нұржанұлы Темірханов, «ҚазАвтоЖол» Абай облыстың филиалының директоры Айбек Ануарбеков, «Синьсин құрылыс және дамыту Қытай компаниясы» ЖШС филиалының басшысы, жобаның жетекшісі Си Цзюнь мырза қатысты.
Пікірлер