Ақжар мәдениет үйінің өнерпаздары, "Барқытбел" этно-фольклорлық ансамблі Қытайтың Тайвань қаласында өтетін “Gannat” халықаралық өнер фестивалінде қазақтың бай мәдениеті мен ұлттық өнерін әлемге паш етпек, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сапар алдында аудан әкімі Дархан Шомпайұлы ансамбль мүшелерін арнайы қабылдап, жүрекжарды лебізін білдірді. Әкім өнер ұжымына үлкен сенім артатынын жеткізді.
- Өнер – ұлттың рухани қазынасы. Сіздердің сахнадағы әрбір қадамыңыз – Тарбағатайдың ғана емес, күллі қазақ халқының абыройы. Сәттілік серік болсын! –деді ол.
Айта кетейік, “Барқытбел” ансамблі – ұлттық музыка мен дәстүрлі өнерді ұлықтап, өңірдің ғана емес, ел мәртебесін асқақтатып жүрген шығармашылық ұжым.
Пікірлер