A+ A A-

talgatzhan 20 26-09-2025, 17:58 0

Тарбағатай ауданы “Altay Invest–2025” халықаралық инвестициялық форумына қатысты

Бүгін / Тарбағатай

Өскеменде өткен “Altay Invest–2025” халықаралық инвестициялық форумында Тарбағатай ауданы үшін маңызды меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

“Тарбағатай АГРО” ЖШС директоры Медет Нұрғалиевпен  "Су үнемдеу технологияларын қолдану" туралы және “Бенто Технологиялар KZ” ЖСШ директоры Габдулхай Ишмуратовпен "Өндірістік және инфрақұрылымдық базаны дамыту туралы" меморандумдар жасалды. 

Белгілі болғандай, алғашқы жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңге тұрады. 2025–2026 жылдары жүзеге асырылатын бұл бастама Қабанбай ауылдық округі аумағында су үнемдеу технологияларын енгізу, суармалы жүйені жаңғырту арқылы егістік алаңын 1333,6 гектарға дейін кеңейтуді көздейді.

Инвестор тарапынан 14 заманауи жаңбырлатып суару көлігі орнатылып, жылына 80 мың тоннадан астам жоңышқа өндірілмек.

Жоба аясында 10-нан астам жаңа жұмыс орны ашылып, мемлекет бюджетіне жыл сайын 13,5 млн теңгеден астам салық түседі деп жоспарлануда.

Аталған жоба аймақтағы ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырып, су ресурстарын үнемдеуге, экологиялық тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ жергілікті халықты жұмыспен қамтуға зор үлес қоспақ.

Ал екінші жобаны жүзеге асыру ауданның экономикалық  дамуына серпін береді деп күтілуде. 30 адам  жұмыспен қамтылып, аудан бюджетіне 30 млн теңге көлемінде салық түспек. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив