A+ A A-

talgatzhan 21 30-09-2025, 18:11 0

Ақжар ауылында жаңа дүкен ашылды

Бүгін / Тарбағатай

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында кәсіпкерлер Нұрлан Рахадилов пен Аяулым Оралова тұрғындарға арналған «Нұр» азық-түлік дүкенін ашты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дүкеннің басты ерекшелігі – басқа сауда нүктелерімен салыстырғанда бағалары әлдеқайда қолжетімді әрі арзан болуы. Бұл - ауыл тұрғындары үшін үлкен қолдау әрі қуаныш.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің аппарат басшысы Ермек Құрманғалиев құттықтау сөз сөйлеп, кәсіпкерлердің бастамасына сәттілік тілеп, жұмыстарына табыс тіледі.

Жаңа дүкен ауыл тұрғындарының күнделікті қажеттілігін қамтамасыз етіп, халыққа қолжетімді бағада сапалы қызмет көрсетеді деп сенеміз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив