A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 13:00 0

Қазақстанда 130 көлеңкелі криптоайырбастау алаңы жойылды

Бүгін / Республика

Қаржылық мониторингі агенттігі криптобиржалардың заңсыз қызметін тоқтату бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Қылмыскерлермен интернет-алаяқтық және есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 алаң жойылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Тергеп-тексеру нәтижесінде 16,7 млн USDT-ке тыйым салынды. 
Бұл механизм қалай жұмыс істейді? 
"Есірткі дүкендерінің" иелері мен киберқылмыскерлер ақшаны банк шоттарына, не криптовалюта түрінде айырбастау қызметін көрсететін әмияндарға аударады.
Одан әрі бұл қаражат конвертацияланып, қаржылық транзакциялар тізбегі арқылы ақшаның шыққан көзі жасырылады. Заңсыз табысты "тазарту" үшін арнайы ақы алынады. Мұндай операциялар үшін көбіне дропперлердің банк карталары мен әмияндары пайдаланылады. Осылайша, заңсыз криптоайырбастау платформалары көлеңкелі қаржы операцияларына белсенді қатысып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шетелге шығару арқылы "кәсіби жылыстатушылар" ретінде әрекет етеді.
- Азаматтар цифрлық активтерді айырбастау кезінде сенімді және жауапты тәсілмен әрекет етуі қажет. Айырбас қызметтерін тек заң аясында жұмыс істейтін, ресми тіркелген және лицензияланған провайдерлер арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Лицензиясы бар криптобиржалардың тізімімен АХҚО-ның ресми сайтында танысуға болады. Заңсыз схемаларға қатысу - қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз, - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив