A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 11:45 0

Өскеменде құтқарушыларға арналған мурал ашылды

Бүгін / Өскемен

Арт-нысан ҚР ТЖМ 30 жылдық мерейтойына орай ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Құтқарушылардың құрметті кәсібіне арналған мурал облыс орталығындағы аудандардың бірінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетіне салынды. 
Құтқарушылардың еңбегі тәуекелмен байланысты болғандықтан, муралда мамандардың өртті сөндіру және төтенше жағдайда адамдарды құтқару сәті бейнеленген. 
Нысан қала әкімдігінің қолдауымен, ШҚО ТЖД бастамасымен құрылды. Суретшілер бірнеше күн бойы жұмыс істеді.
Ашылу салтанатына сала қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив