Алтай ауданындағы Ермаковка ауылының тұрғындары ішімдік сатудан және ішуден бас тартқан еді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Биыл 24 ақпанда Ермаковка ауылының тұрғындары алкогольден бас тарту туралы шешім қабылдады.
- Ауыр қылмыстардың 99 пайызы алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жасалады. Осы жылдың тоғыз айында Ермаковка ауылында бірде-бір қылмыс, тұрмыстық жанжал тіркелмеген, - деді Алтай аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Дмитрий Шило.
Пікірлер