A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 12:10 0

Өскеменде “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында республикалық кәсіптік шеберлік форумы өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен “Talap” КЕАҚ қолдауымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында салалар бойынша жұмыс берушілермен бірлескен республикалық кәсіптік шеберлік форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараға ШҚО Білім басқармасының, «Talap» қоғамының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Қызылорда, Абай, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген колледж директорлары мен педагогтер қатысты. Сонымен қатар “Казцинк”, “Үлбі металлургия зауыты”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, “Промтехмонтаж”, “Гидросталь”, “Біріккен энергия сервис компаниясы”, “Өскемен жылу желілері”, “Өскемен жылу электр орталығы”, “Согра жылу электр орталығы”, “Өскемен ГЭС-і”, “Өскемен арматура зауыты” және өзге де әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың өкілдері шақырылды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың ректоры Сәуле Жәдігерқызының айтуынша, форумның негізгі мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігін дамыту.
— Бүгінгі іс-шара жұмыс берушілердің қазіргі стандарттары мен талаптарына сәйкес мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыруды көздейді. Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары мемлекеттік стандартқа сәйкес жұмыс берушілермен бірлесе әзірленеді. Қазір осындай 159 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл облыс колледждерінде жаңа мамандықтар ашылды. Мәселен, Өскемен жоғары политехникалық колледжіне “Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйелер” мен “Жаңартылған энергетика”, Өскемен құрылыс-техникалық колледжіне “Жылжымайтын мүлікті басқару” және “Логистика” мамандықтары қосылды, - деді ол. 
Форум аясында жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту, жұмысшы және техникалық мамандықтардың беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру имиджін нығайту, тәжірибе алмасу, дарынды педагогтерді қолдау және үздік тәжірибелерді тарату мәселелері талқыланды.
Қатысушылардың айтуынша, мұндай форматтағы кездесулер кәсіби білім беру саласының дамуына серпін беріп, еңбек нарығының сұранысына сай жаңа буын мамандарын даярлауға жағдай жасайды.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив