A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:00 0

Қазақстанда қанша ірі қара мал бар екені белгілі болды

Бүгін / Республика

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда ІҚМ саны қазан айының басында 8 млн 490,7 мыңды құрап, 1,1%-ға өскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың сөзінше, мал басымен қатар ет өндіру де артып отыр. Мысалы, 9 айда сою салмағындағы барлық ет түрінің өндірісі 816,3 мың тонна болып, көрсеткіш 2,6%-ға жеткен.  

Ауыл шаруашылығы министрлігі жылқылардың саны 6,4%-ға (4,5 млн бас), түйелер 4,5%-ға (299,7 мың бас) және құстар 6,5%-ға (49 млн бас) өскенін мәлімдейді. 

– Қазіргі уақытта салада бордақылау алаңдары үшін айналым қаражатын кредиттеу бағдарламасы жұмыс істейді, ол "Даму" қоры арқылы 80%-ға дейін кепілдікпен тауарлық шаруашылықтарға, құс фабрикаларына және басқа да бағыттарға таратылатын болады. Сондай-ақ, инвестициялық мақсаттарға қаржыландыруды қоса алғанда, мал өсірушілерге арналған кредиттік өнімдер желісін кеңейтуді жоспарлап отырмыз, – деді Азат Сұлтанов. 

Мұнан өзге өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатына жеңілдікпен несие беру жалғаспақ. Осы мақсатқа 44 млрд теңге бөлінген. Қазірдің өзінде 29,8 млрд теңгеге 75 жоба қаржыландырылып отыр. 

Еске салайық, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сиыр етінің (жауырын-төс бөлігі) бағасы жыл басынан бері 25%-дан аса өскен. Мемлекеттік органдар 7 қазандағы еттің осы бөлігі үшін республика бойынша орташа баға келісіне 3244 теңгені құрағанын мысал етеді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив