Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов облыстық мәслихат сессиясында 1 қыркүйекте құлаған Шнайдер көпірінің орнына жаңасы салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұдан бөлек, Виноградов көшесінде Ертіс арқылы өтетін көпір салынады.
Аймақ басшысының айтуынша, бұл көлік байланысын жақсартуға және транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Сол жағалаудағы Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесі қиылысында үш жолақты қозғалысы бар жол айрығының құрылысы жүріп жатыр. Мұның барлығы облыс орталығының көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту үшін қажет.
Пікірлер