Билеттерді «Южное небо» әуе компаниясының сайты мен қала кассалары арқылы сатып алуға болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Южное небо» әуе компаниясының ақпаратынша, 27 қазан-29 желтоқсан аралығында Өскемен-Зайсан (сағат 12.00-13.00) және Зайсан-Өскемен (сағат 13.30-14.30) бағыттары бойынша субсидияланған рейстерге билеттер сатылымы ашылады.
Рейстер апта сайын дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты - бір сағат.
Байланыс нөмірлері: 8 (7252) 92-04-50, WhatsApp: 8-777-502-51-84, com@acss.kz
Пікірлер