A+ A A-

talgatzhan 1 15-10-2025, 17:00 0

Қазақстан әлемдік төлқұжат рейтингісінде нешінші орында тұр

Бүгін / Республика

Henley & Partners визасыз баруға болатын елдер арасында жаңа төлқұжат индексін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан 67-ші орынға тұрақтап, көршілерінен озып кетті: Қырғызстан 81-ші, ал Өзбекстан 82-ші орында тұр.
Сингапур көшбасшы болып қала берді, ал АҚШ алғаш рет 12-ші орынға түсіп, ең мықты төлқұжат «ондығынан» шығып қалды. Ресей төлқұжаты да 46-шы орыннан 50-орынға түсіп, тізімде Венесуэла мен Молдовадан кейін тұрақтады.
2025 жылы алғашқы үш орынды Азия елдері иеленген: бірінші орында – Сингапур (азаматтары 227 елдің 193-іне визасыз бара алады), екінші орында Оңтүстік Корея (190 ел), үшінші орында Жапония (189 ел).
Henley & Partners компаниясы Henley Passport Index рейтингінің 20 жылдық тарихында алғаш рет Құрама Штаттар әлемдегі ең қуатты 10 төлқұжаттың қатарына кірмегенін атап өтті. 2014 жылы АҚШ бірінші орынға шықса, қазір Малайзиямен 12-ші орынды тең бөлісіп отыр. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив