Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жаңа нысан мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі бойынша ашылады. Орталық қаладғы Жібек маталар комбинаты ауданында қалыптасатын медициналық кластерге кіреді.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, кластер құрамында балалар стационары, Ана мен бала орталығы базасындағы перзентхана, Гематология орталығы мен 300 төсек-орынға арналған жаңа көпбейінді аурухана болады.
– Бұл жобаны іске асыру медициналық көмектің негізгі түрлерін бір жерге шоғырландыруға, оның сапасын арттыруға, өңір тұрғындары үшін қызметтерді қолжетімді етуге мүмкіндік береді, – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында өңірде жоспарланған 36 нысанның 35-і салынды. Шемонаиха ауданына қарасты Волчанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жақында Ұлан ауданында бір ауысымда 150 адамға арналған заманауи емхана ашылған еді, ал Риддерде жаңа аурухана кешенінің құрылысы аяқталуда.
Пікірлер