Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да ұйымдастырылған шараға өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz.
Одан бөлек, отандық және шетелдік ғалымдар, зиялы қауым өкілдері келді. Конференция басталмас бұрын қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған «Ұлы дала алтыны» көрмесін тамашалады. Ол жерге өңір аумағынан табылған көне дәуір жәдігерлері мен алтын бұйымдар қойылды.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, Алтайдың түркі дүниесіндегі орны ерекше .
– Шығыс Қазақстан – еліміздің інжу-маржаны, көне тарихтың куәгері, түркі мәдениетінің алтын қазығы. Бұл конференция облыстың халықаралық дәрежеде танылуына және ғылыми байланыстың артуына зор үлес қосады, – деді өңір басшысы.
Айта кетейік, жиында белгілі археолог, профессор Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Задаш Дүкенбаева, Италиядағы Генуя университетінің профессоры Диана Спульбер, сондай-ақ Түркияның Мугла Ситки Кочман университетінің профессоры Мехмет Өзтүрк баяндама жасады.
Олар өз еңбектерінде түркі халықтарының тарихи байланысы, Алтай өңірінің мәдени рөлі мен археологиялық зерттеулердің жаңа деректерін айтып берді.
Пікірлер