A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 10:15 0

Глубокое ауданында ер адам балаларды өртке оранған үйден құтқарды

Бүгін / Глубокое

Оқиға Глубокое ауданының Черемшанка ауылында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауылдағы жер үй қызыл жалынға оранды. Салдарынан баспанының шатыры, жиһаз бен заттар өртеніп кеткен. Өрт шыққан кезде үйде төрт бала қараусыз қалған. Олардың анасы бұл уақытта жұмыста болды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін 2012 және 2019 жылы туған екі бала үйден өз бетінше шығып, көршілерінен көмек сұрады. Көршісі Дмитрий Недозрелов есімді азамат 2021 және 2023 жылы туған бүлдіршіндерді үйден алып шықты. 
Құтқарушылар 45 шаршы метр аумақта өртті сөндірді. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір өрттің себебі анықталуда.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив