Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов медициналық мекемеге жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан медициналық мекемеде 65 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетіледі. Осыған байланысты көлік тұрағының тапшылығы өзекті мәселеге айналған.
– Келесі жылдан бастап тиісті жұмыстарды жоспарлаймыз. Ғимараттың артқы жағында автотұрақ, даңғыл жақ бетте шағын тұрақ салу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл мәселе құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып шешіледі. Құрылыс жұмыстары 2026 жылы басталады, – деді шаһар басшысы
Сонымен қатар емхана аумағы абаттандырылып, кіреберіс бөлігіне орындықтар мен басқа да элементтер орнатылады. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Пікірлер