Облыс орталығында аулалар мен көпқабатты үйлердің аумақтарындағы жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталуда. Биыл 95 учаске қалпына келтірілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Абай даңғылы мен Космический көшесін байланыстыратын ірі аулалық жол кеңейтілді. Тамыздың соңында қала әкімі Алмат Ақышов аталған учаскеге барып, жолды екі қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді тапсырған еді.
Осылайша, автотұраққа асфальт төсеу, аумақты тазалау, жолды кеңейту және асфальттау, бордюрлер орнату және басқа да абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Қазір бұл жол учаскесінде көлік қозғалысы ашылды.
- Ауланың кіреберіс жолын жөндеу аяқталу үстінде. Негізгі жұмыстарға 30 000 шаршы метрден астам аумақты құрайтын ауланы орташа жөндеу, шамамен 7,5 мың шаршы метрге жуық шұңқырларды жөндеу жатады, - делінген қалалық ТҮКШ бөлімінің ақпаратында.
Пікірлер