A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 13:00 0

Қазақстанда 25,9 млн тонна астық бастырылды

Бүгін / Республика

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

- Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,5 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 96,8%-ы жиналды. Нәтижесінде 25,9 млн тонна астық бастырылды, - делінген ақпаратта.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2,9 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,5 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 319,3 ц/га өнімділікпен 441,6 мың тонна қырыққабат, 429,4 ц/га өнімділікпен 1029,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,1 ц/га өнімділікпен 379,4 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив