A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 12:10 0

Шемонаиха ауданындағы құтқарушылар аллеясы өрт сөндіру бөлімі бастығының бастамасымен ашылды

Бүгін / Шемонаиха

Дидар Ашимхан ондаған өртті сөндіріп, 30 жасында Шемонаиха қаласындағы №28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі төтенше жағдайлар жүйесінде 12 жылдан астам уақыт, отпен күрес саласында 6 жыл қызмет етіп, ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.
Дидар ұн комбинатында, элеваторда болған ірі өрттерді сөндіруге қатысып, азаматтарды құтқаруға атсалысқан. 
- Қиын жағдайларда тәжірибе жинауға тура келді. Бірақ біздің үйлесімді әрекетіміздің арқасында өрт сөндірушілермен бұл жағдайлардан абыроймен өттік, – деді Дидар Ашимхан.
Оның айтуынша, психологиялық тұрғыдан тынығуға спорт көмектеседі. Дидар волейболмен шұғылданып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Күштік құрылымдар арасында өткен республикалық жарыста 2 орын, ҚР ТЖМ ұйымдастырған XIV қысқы спартакиадасында волейболдан 2 орын иеленді.
- Бос уақытымды отбасыммен өткіземін. Жарым Назым да аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде инспектор болып жұмыс істейді. Сондықтан үйде қызмет туралы айтсам, жарты сөзден түсінеді, – дейді №28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.
Өткен жылы Шемонаиха ауданында құтқарушылар аллеясы мен «Құтқару миссиясы – абзал жандардың абыройы» атты монумент ашылды. Бұл бастама Дидар Ашимханға тиесілі.
- Барлығы өзімізге байланысты. Біз болашаққа сенеміз және еңбегімізбен үлгі болу арқылы ТЖМ дамуына, гүлденуіне үлес қосуға тырысамыз, – деді Дидар Ашимхан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив