A+ A A-

talgatzhan 31 16-10-2025, 14:30 0

ШҚО-да қант диабеті мен туберкулезге шалдыққандар саны азайды

Бүгін / ШҚО

Бұл туралы аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов облыстық мәслихат сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімінің сөзінше, өңірде өмір сүру ұзақтығы артты. 

- Қант диабетімен сырқаттану көрсеткіші 30%-ға, қан айналымы жүйесі аурулары 13%-ға және туберкулез 12%-ға төмендеді, – деді ол.

Сондай-ақ өңір басшысы білікті дәрігерлердің тапшы екенін жеткізді. Осы мәселені шешу үшін резиденттерді даярлау жалғасуда.

- Қазір 46 маман білім алып жатыр, екі жыл ішінде қосымша 20 дәрігерді оқыту жоспарлануда. Сонымен қатар 72 маман Түркия, Израиль, Германия, Қытай және басқа да елдердің жетекші медициналық орталықтарында оқуын аяқтады, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив