Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгінде орташа жөндеу жоспарланған 42 шақырым жолдың 36 шақырымы бойынша, қиыршықтас төсеу жөндеу жұмыстары жоспарланған 46 шақырым жолдың 38 шақырымы бойынша жұмыстар аяқталды.Шұңқырларды жамау толығымен жүзеге асырылды. Күзде 4 мың шаршы метр жол үшін қосымша қаржы бөлініп, "Таза Өскемен" коммуналдық мекемесінің мамандары жұмысқа кірісті. Қазір аулаішілік жолдарды жөндеу аяқталу үстінде. Қала бойынша 95 учаске қамтылды.
Пікірлер