Шараны ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көрме Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханада өтіп жатыр. Мұнда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызмет барысындағы сәттері бейнеленген. Әр суреттен олардың ерлігі, кәсібіне деген адалдығы мен батылдығы айқын сезіледі.
Келушілер фотоэкспозиция арқылы төтенше жағдайлар қызметінің қыр-сырын, олардың күнделікті еңбегінің маңызын тереңірек түсіне алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме тек ТЖ қызметкерлеріне ғана емес, қала тұрғындары мен студенттерге де қызықты болмақ.
Пікірлер