A+ A A-

talgatzhan 45 17-10-2025, 09:00 0

Өскемен және Семей ЖЭО-ларын кім салады

Бүгін / Өскемен

Семей мен Өскемен жылу электр орталықтарын салуға халықаралық компаниялар қатыса алады. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Көкшетау жылу электр орталығының құрылысы бойынша келісімшартқа қол қойылды. Бұл ақпарат болған. Қытайлық жабдық болады. Құрылысты Қазақстан-Қытай консорциумы жүзеге асырады. Семей ЖЭО мен Өскемен ЖЭО-сына келер болсақ, «Қазақстан дербес салады» деп айтқан кезімізде сөз «Самұрық-Энергоның» құрылысқа тапсырыс беруші болатындығы жайында болып тұр. Қазақстан тарабы қаржыландыратындығы жайында. Әлеуетті мердігерлерге келер болсақ, бұл ретте жеке жұмыс істелініп жатыр. Бұл жобаға қатысуға «Интер РАО», сондай-ақ қытайлық компанияларды қоса алғанда өзге де халықаралық мердігерлер ниет білдіре алады, — деді Қайрат Мақсұтов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив