A+ A A-

talgatzhan 28 Бүгін, 11:00 0

Қазақстанда азаматтар үшін автокөлік сатып алу мүмкіндіктері кеңейтілуде

Бүгін / Республика

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда азаматтардың автокөлік сатып алуына қолжетімділікті арттыруға бағытталған жаңа шаралар қабылдануда. 

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет ағымдағы экономикалық реформалар шеңберінде бірқатар шара дайындады. Олардың бірі – отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктердің халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру жөніндегі бағдарламаларын одан әрі жалғастыру. Бұдан бөлек, халықаралық тәжірибеге сәйкес жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізілуде, – деді министр.

Нағаспаевтың айтуынша, лизинг – автокөлікті меншікке сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу тәсілі. Бұл бастама азаматтардың көлік иесі болу мүмкіндігін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив