Тәртіп сақшылары азаматтардан жолды тек белгіленген жерден кесіп өтуді сұрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Сәтбаев даңғылында жаяу жүргіншілердің қатысуымен бірнеше жол-көлік оқиғасы болды. Мұның барлығы - асығыстық пен салғырттықтың салдары. Мұндағы жол кең, көлік жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан асады. Сондықтан белгіленбеген жерден жолды кесіп өту - өте қауіпті. Жолды жаяу жүргіншілер өткелінен және бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өтіңіздер, - делінген деп хабарлайды Өскемен қалалық полиция басқармасының мәліметінше.
Осы ретте көлік жүргізушілері де жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты азайтуы керек.
Пікірлер